Павлодарда 200 мың теңге пара алған полицей ұсталды

Zakon.kz
Ол 60 мың теңгені бақылау ісін қысқартқаны үшін шартты түрде сотталған азаматтан алған.

Павлодарлық полицей 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның қызметкерлері тәртіп сақшысын бір ай бұрын ұстаған. Алайда бұл туралы БАҚ өкілдерінің жолдаған ресми сауалынан кейін ғана белгілі болды. Ұсталған азамат Павлодар қаласының ІІБ орталық бөлім инспекторының көмекшісі болып жұмыс істеген.

Ол шартты түрде сотталған тұрғыннан заңсыз ақша алған. Есесіне, қала бойынша жүруге ешбір кедергі болмайды деп, міндетті процедураларды орындау барысында көмектесуге уәде берген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қылмыстық тергеу аяқталып, іс сотқа жөнелтілген.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, құрықталған полицей құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеген. Қазіргі таңда ол полицияның беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылған. Оның тікелей басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар ауданында учаскелік полицейдің көмекшісі ұсталған. Ол 60 мың теңгені бақылау ісін қысқартқаны үшін шартты түрде сотталған азаматтан алған. Сол кезде қоластындағы қызметкері үшін аудандық ІІБ-нің басшысына да жауап беруге тура келіп, ол құқық қорғау органдарынан өз еркімен кеткен.

Фото: pavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Лиза Арзамасова и Илья Авербух впервые показали лицо маленькой дочери

Екатерина Ковальчук похвасталась подарком от Гарика Харламова

Эмин Агаларов поделился подробностями личной жизни

Казахстанцев заставляют платить несуществующий "штраф"

Кристина Асмус и дочь Гарика Харламова встретили Новый год на Мальдивах