Бүгін еліміздің басым аумағында күн ашық

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде найзағай ойнайды, жел тұрады. Алматы облысының кей жерлерінде де жел соғады, күндіз найзағай ойнайды, шаңды дауыл көтеріледі. Қызылорда өңірінде шаңды дауылмен қоса жел соғады. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей аймағында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Фото: salt-ileck.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: