Кеше Шыңжаңның Тарбағатай аймағы Толы ауданында III кезекті "Тарбағатай тау гүлі шешек атты" домбыра мәдениеті мерекесі басталды. Мәдени шара аясында мың адам бір уақытта домбыра шертті, деп жазады baq.kz, қытайдың kazak.ts.cn сайты жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.
Мамыр айында Толы ауданында тау гүлі шешек атып, бөктерлер мен қыраттарды гүл көмкереді. Осыған орай бұл өңірде жыл сайын мәдени шаралар өтіп тұрады. Биыл да ұйымдастырылған мерекелік шара аясында 1000 адам күй шертіп, көрермен ықыласына бөленді.
Фото: www.inform.kz