Павлодарда көлік аударылып, 70 жастан асқан қария қайтыс болды

Көлікті басқара алмай қалған 39 жастағы жүргізуші жолдың шетіне аударылған.

Шалдай-Павлодар тас жолында Lada Granta көлігі аударылып, бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов хабарлады.

- Көлікті басқара алмай қалған 39 жастағы жүргізуші жолдың шетіне аударылған. Салдарынан 74 жастағы қария оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталмыш жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Б. Жұманов.

Абзал Қабдраш

Фото: thebestartt.com

Следите за новостями zakon.kz в: