2015 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397 634 туғандар тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде - 225 383 адам, ауылдық - 172 251 адам. Туғандардың 51,5%(204 868) ер балаларды және 48,5%(192 766) қыз балаларды құрады, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, 100 қыз балаға шаққанда 106,3 ер баладан келіп отыр.
2005 жылмен салыстырғанда туғандар саны 42,5% (ер балалар - 42,7%, қыз балалар - 42,3%), қалалық мекендерде - 37,5%, ауылдық мекендерде - 49,7% артты.
Туудың жалпы коэффициенті (1 000 тұрғынға шаққандағы туғандар саны) 2015 жылы 22,66 промиллені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 4,24 промиллеге (2005ж. - 18,42) артты. Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 22,61 промиллені (2005ж. - 18,94), ауылдық мекендерде - 22,73 промиллені (2005ж. - 17,72) құрады.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 31,25 туғандар), Оңтүстік Қазақстан (29,00) облыстарында және Астана қаласында (30,23) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (14,23), Қостанай (14,44) және Шығыс Қазақстан (16,37) облыстарында көрініс тапты.
Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2015 жылы 2,73 құрады және 10 жыл ішінде 23,0% өсті (2005ж. - 2,22). Қалалық мекендерде ТЖК 16,7%, (2015ж. - 2,52; 2005ж. - 2,16), ауылдық мекендерде 31,8% өсті (2015ж. - 3,07; 2005ж. - 2,33).
Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Маңғыстау (3,75), Оңтүстік Қазақстан (3,68) облыстарында, ал төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,74) мен Қостанай (1,78) облысында байқалды.
2015 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,2 жасты құрады және 10 жылда 0,5 жасқа (2005ж. - 27,7 жас) ұлғайды, ал қалалық мекендерде - 0,9 жасқа, ауылдық мекендерде 0,1 жасқа ұлғайды.
Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 30 жасты, Астана қаласында 28,9 жасты құрады.
Фото: www.ntv.ru