Американың Sports Illustrated сайты «Fittest50» жобасы аясында әлемнің физикалық дайындығы жақсы және төзімді спортшыларының тізімін құрастырды, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, Sports.kz сайты жазған мақалаға сілтеме жасап.
Ерлер арасында үздік 50 спортшының тізімінде 12-ші орын әлемнің орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкинға берілді. Айта кетейік, қазақстандық спортшы рейтингке ұсынылған жалғыз боксшы болды.
Бірінші орынды жеңіл атлет Эштон Итон, екінші орынды - баскетболшы Леброн Джеймс алса, үшінші орын кроссфит спортшы Бен Смитке берілді.
Фото:365info.kz