Жамбыл облысында салмағы 17 келіге жуық саңырауқұлақ табылды

«Ұлттық сараптау орталығының» меңгерушісі Виолетта Касапаклис оны тексеріп, тұтынуға жарамдылығын жеткізді.

Ерекше саңырауқұлақ қозықұйрық теруге шыққандарды таңқалдырған. Оны тауып алған Жамбыл облысынан сайланған экс-сенатор Александра Савченко саңырауқұлақтың салмағы 17 келіге жуық екенін айтты. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА жазады.

Әдетте, ірі саңырауқұлақты Жамбыл облысының Мойынқұм шөлінен кездестіруге болатын. Мамандар бұл қозықұйрықты тұтынбастан бұрын СЭС зертханасында радиация мен токсиндерден тексеріп алуды ұсынды. «Ұлттық сараптау орталығының» меңгерушісі Виолетта Касапаклис оны тексеріп, тұтынуға жарамдылығын жеткізді.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в: