БҚО-ның оңтүстік аудандары биыл су тапшылығын сезінуі мүмкін. Өйткені, рубль бағамы жиі өзгергендіктен, су ақысы да қымбаттап отыр. Ал Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Қазталов аудандарында ауыл шаруашылығына қажет судың 80 пайызы көрші ел аумағындағы Еділ өзенінен алынады. Бір жылға жетерлік су қорының орташа мөлшері 107 млн текше метрді құрайды. Сол үшін мемлекеттен жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп жазады 24.kz арнасы.
Шынболат Ермағамбетов, «Қазсушар» РМК БҚФ бас инженер-гидротехнигі:
- Өтінім сол уақыттағы курспен алынған. Ол кезде 1 рубль 3,5 теңге болды. Бір млрд 1 млн теңге болып бағаланды. Қазір таңда бір рубль 5 теңгенің шамасында. Яғни біз 5 теңгемен есептегенде 620-622 млн теңгеге жуық қаржы жетпейді.
Фото: 24.kz