Алматыда ҚХА бастамасымен С.Мұқанов атындағы саябақ ашылды

Қаламгердің есімі берілген бақ қала тұрғындарының сүйікті орнына айналары анық.

«Қайырымдылық керуені» жобасы кезінде айтылған қазақстандықтардың 1000-ға тарта талап-тілегінің жартысынан астамы оң шешілді.Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің Алматыда өткен кеңейтілген отырысында белгілі болды, деп жазады 24.kz арнасы.

Қайырымдылық акциясы былтыр басталған еді. Бейбітшілік пен келісім адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасынан туады. Сондықтан мыңға жуық адам бірыңғай қауымдастық құрған. Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы бес жылдан астам уақыт бойы ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмек көрсетіп келеді. Осы мақсатқа бүгінге дейін 45 миллион теңге жұмсалған.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Жалпы бұл «Қайырымдылық керуені» аясында бүгіндеҚазақстан бойынша 88 мың балаға көмек көрсетілді. Бірлікмәселесі, нақты істің мәселесі осындай шаруалардан тұратын шығар деп ойлаймын. Сондықтан оны ары қарай біздер жалғастырамыз.

Сондай-ақ Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Сәбит Мұқанов атындағы саябақ ашылды. Қаламгердің есімі берілген бақ қала тұрғындарының сүйікті орнына айналары анық. Балаларға арнап ойын алаңы да ашылды.

Фото: 24.kz


Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: