Петропавлда автобус жүргізушісі 22 жастағы азаматшаны қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«26 мамырда шамамен сағат 18-де Мир-Партизанская көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі 1994 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу кезінде болған оқиғаның мән-жайы мен жол-көлік апатына кінәлі адамдар анықталады», - делінген хабарламада.
Фото: inform.kz