Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. «Париж қаласында 22 мамыр мен 27 мамыр аралығында 180 қатысушы мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды», - делінген ҚР АШМ хабарламасында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
Бұл мәртебе елімізде халықаралық ат спортын дамытуға мүмкіндік бермек.
Бұған қоса, Халықаралық эпизоотиялық бюросы Қазақстанның аусылмен күресу бойынша ұлттық бағдарламасын бекітті. Бас Ассамблеяның ұлттық делегаттарымен ұсақ күйіс қайырушы жануарлар арасында оба және құтыру ауруларын алдын алу, бақылау аясында әдістер талқыланды.
Фото: www.inform.kz