ҚР ҚК-нің 500-ден аса әскери қызметшісі Армия халықаралық ойындарына қатысады

Өткен жылы Армия халықаралық ойындарында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үш байқауға қатысқанын естеріңізге сала кетейік

Шілде айының соңында әртүрлі мемлекеттер Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқаудың өткізілуі жоспарланған Армия халықаралық ойындары бастау алады. Бұл туралы , ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қазақстан Республикасының командасынан 511 әскери қызметші 21 байқауға қатысады. Байқауға қатысу үшін іріктеу турларына шамамен 6 мың адам тартылды. Биылғы жылы 2 байқау алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында өтеді. Ол «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Мерген шебі» сайыстары. Бұл байқауларға көптеген елдер өздерінің қатысатынын растады.

«Артиллериялық атыс шеберлері» байқауында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ангола. «Мерген шебі» байқауында Қазақстан, Монғолия, Қытай, Беларусь, Венесуэла, Ресей, Зимбабве, Қырғызстан, Үндістан, Иран. Байқау қатысушыларының тамақтануы ұлттық ас мәзірінің ерекшеліктері ескеріле отырып ұйымдастырылады.

Күн сайын қатысушыларға қосымша ұлттық тағамдар, яғни, бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт, шикідей қақталған ет, жылқы етінің тілімдері (қазы-қарта, жая) ұсынылатын болады. Өткен жылы Армия халықаралық ойындарында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үш байқауға қатысқанын естеріңізге сала кетейік. Онда сайыс қорытындысы бойынша олар «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орын және «Танк биатлонында» төртінші орын иегерлері атанған болатын.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: