Павлодарлықтар үкінің балапанын аман алып қалды

Балапан күніне 200 грамм таза ет жейді. Оның жағдайы жақсарып қалды

Павлодарлық орманшылар үкінің балапанын құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке Павлодар қаласы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов хабарлады.

- Усолка шағын ауданындағы «Жеті ағайын» мешітінің маңында қала тұрғындары үкінің балапанын тауып алып, бізге хабарласты. Қанаты қатаймаған балапан ұядан құлап түсуі ықтимал. Біз оны Ақсу қаласындағы жас натуралистер станциясының қарамағына тапсырдық. Күн сайын 200 грамм ет пен құрғақ тағам, су беріледі, - деді А. Жүсіпов.

Бұған дейін сегіз ай бойы Пряник есімді бірқазанды күтіп, еркіндікке жіберген жас натуралистер станциясының директоры Жантоты Акишеваның айтуынша, балапанды "Малыш" деп атаған.

- Балапан күніне 200 грамм таза ет жейді. Оның жағдайы жақсарып қалды, - деді Ж. Акишева.

Абзал Қабдраш

Фото:pavlodarnews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в: