Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулез ауруына шалдыққандар саны 54,9%-ға азайған

10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауруы көрсеткіші 54,9%-ға, ал өлім көрсеткіші 77,4%-ға төмендеген.

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердің туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруына тексеріс жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Денсаулық сақтаудың статистикалық деректері бойынша кейінгі 10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауруы көрсеткіші 54,9%-ға, ал өлім көрсеткіші 77,4%-ға төмендеген.

Сонымен қатар тексеру барысында статистика ақпаратын бұрмалау, профилактикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көрсету, науқастарды еркінен тыс емдеу шараларын қамтамасыз етпеу сияқты бірқатар олқылық анықталды. Мысалға, Алматы облысы Талғар ауданының Орталық емханасында тексеру күні 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды. Ал Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық емханасына туберкулезге тексеруден өтуі қажет белгілерімен «О» бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015 жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамай, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруының асқынғандығынан жан тапсырған. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы тексеру нәтижесінде туберкулез ауруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексеруі уақытылы жүргізілмеген, толық тексерілмеген сынды 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлар сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді. Сонымен қатар туберкулездің таралмауы сол ауруға шалдыққан адамдардың жауапкершілігіне де байланысты. Тексеру барысында науқастардың емделуден бас тарту фактілері анықталған, бұл жағдай аурудың ауа арқылы таралу қаупі бар қиын емделу түріне айналуына септігін тигізеді. Таңдаулы тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп, басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды. Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңбұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайлықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда. Сонымен қатар науқас адамдардың емделуден бас тартуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы және сот арқылы еркінен тыс шаралар қолданылуы мүмкін екенін еске сала отырып, барлық азаматтарды өзінің және өзге адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Фото:simptom.org

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: