Ақордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы құжатын бекітті, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті.
«Отырыс барысында одақ елдерінің Президенттері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2016-2017 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын бекітті. Құжат дағдарысқа қарсы әзірленген. Ол елдер экономикасы алдында тұрған қысқа және орта мерзімдегі барынша маңызды міндеттерді айқындайды», - деді ол БАҚ өкілдеріне.
Фото: kaztv.kaztrk.kz