29 мамыр кешке Шалқар қаласынан екі дос көлге балық аулауға шыққан. Қайықпен су қоймасының ортасына дейін барған. Сол күні ауа райы қатты ыстық болғанмен, аяқ астынан күн құбыла бастады: жел көтеріліп, қайыққа найзағай түсті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
«Қайық аударылып кеткен, олардың біреуі жағалауға жүзіп шығып, полиция шақырған. Екінші 24 жастағы Ерсұлтан Тимуровтың мүрдесі бір жарым сағаттан кейін 5 метр тереңдіктен табылды», - деп хабарлады Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Елемес Шотанов.
Қаза тапқан ер адам денешынықтыру мұғалімі болған.
Фото: inform.kz