Қазақстан алтын сақтаушы мемлекеттер тізімінде Бельгияны басып озды

Алтын жөніндегі бүкіләлемдік кеңестің деректеріне зер салсақ, соңғы 5 жылдағы есеппен саралағанда 3 ай көлеміндегі орташа көрсеткіш осылайша 175 тоннаға асып түсті.

Алғашқы тоқсанда әлемде алтынға деген сұраныс артты. Өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда, инвестициялық активті сатып алушылардың қатары бірден 21 пайызға өсті. Сайып келгенде 1290 тоннаға жуықтады. Бұл туралы ақпарат Finprom.kz порталында жарияланды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алтын жөніндегі бүкіләлемдік кеңестің деректеріне зер салсақ, соңғы 5 жылдағы есеппен саралағанда 3 ай көлеміндегі орташа көрсеткіш осылайша 175 тоннаға асып түсті. Сәйкесінше, Лондон биржасында бағалы металл 17 пайызға қымбаттап, 1 трой унциясының құны 1183 долларға жетті. Ал, Қазақстан 42 ай қатарынан алтын қорын ұлғайтуда. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, 2016 жылдың бірінші тоқсанында резервтің көлемі 3 пайызға немесе 6,5 тоннаға көбейіп, 228 тонна болды. Соның ішінде алтын қоржыны қаңтарда 1,17 тоннаға, ақпан айында 2,64 тоннаға, наурыз айында 2,7 тоннамен толықты. Нәтижесінде, еліміз алтын сақтаушы мемлекеттер тізімінде Бельгияны басып озды. 23-орыннан 22-сатыға көтерілді.

Фото: hi-news.ru

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: