Алматы облысында полиция қызметкерлері екі баланың бетон плитасының астында қалып қою салдарынан қаза табу дерегін тексеруде, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
1 маусымда күндіз Еңбекші қазақ ауданы Балтабай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауыл шетінде 6 және 8 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, ескі су тартқыш ғимаратында ойнаған. Жүгіріп ойнап жүрген балалар бетон плитасының астында қалды.
«Еңбекші қазақ АІІБ қызметкерлері аталған фактіні оқыс оқиға ретінде тіркеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеріс кезінде полицейлер балалар өліміне қатысты барлық жайды ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды», — деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметінде.
Фото: newskaz.kz