Ерлікпен көз жұмған құтқарушы «Айбын» орденіне ұсынылды

Қызметтік міндетін атқару кезінде марқұм болған құтқарушының есімі мемлекеттік «Айбын» орденімен марапаттау үшін ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында өз қызметін атқару кезінде ОҚО ТЖД құтқарушысы Жомарт Сәрсенбеков ерлікпен қаза тапты, деп жазады otyrar.kz.

Еске салайық, ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ж.Сәрсенбеков ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақмешіт таулы аймағына туристік сапармен шығып, тау шатқалына тұтылып, өз бетінше шыға алмай тұрған азаматты құтқарған болатын. Алайда, туристі құтқару кезінде ТЖ қызметкері құлама жардан құлап, мерт болған еді.

Қызметтік міндетін атқару кезінде марқұм болған құтқарушының есімі мемлекеттік «Айбын» орденімен марапаттау үшін ұсынылды.

Фото: otyrar.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: