32 жастағы Қостанай тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісінде өзіне жала жапқан танысын жазаға тартылуына қол жеткізді, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.
Азаматша А. өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы атақты туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейтін азаматша Б-ны алаяқтық пен кезептікте кінәлаған, - деп хабарлады Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі. - Қала тұрғындарын Б-ға сенбеуге үгіттеген А. оның фотосуретін де желіге салған».
Сот отырысы барысында азаматша Б-ның алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығының дәлелі табылмаған. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азаматша А. ҚР ҚК-нің 130 бабы 2 бөлігі бойынша (жала жабу) айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Облыстық сотта қалалық соттың үкім өзгертілмей, сотталушының оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шағымы қанағаттандырылмады.
Фото: news.ivest.kz