Бүгін бүкіл мұсылман қауым асыға күткен Рамазан айы басталды. Биыл ол мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша 29 күнге жалғасады. Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Қасиетті Рамазан айында Астанадағы 8 мешітте ауызашар беріледі, деп жазады 24.kz арнасы.
Алла үйлерінде бір айы бойы ораза тұтқан 1500-ден астам жамағатқа ифтар ұйымдастырылмақ. Барлық мешіттерде еліміз бен Түркиядан келген қарилар Құранды толық оқып, хатым етеді. Ал Рамазан айы аяқталысымен, 5 шілде күні Ораза айт мерекесі басталады.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ наиб мүфтиі:
- Ораза дегеніміз – тәрбие мектебі. Өйткені адам баласын 30 күн бойы рухани тәрбиелейді. Сабырлыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ораза айы келісімен адам өзін тек қана ішіп-жеуден емес, кез келген күнәдан, өсек айту, ғайбат айту, балағаттау, қатты сөйлеу секілді күнәлардан тиюі керек.
Фото:baq.kz