Ақтөбеде экстремистерді құрықтау операциясы жалғасып жатыр. Қарулы қақтығыс салдарынан таңертеңнен бері қаладағы Жедел жәрдем ауруханасына тағы 2 адам түскен. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Рахымжан Арыстанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгін адам шығыны болған жоқ. Ауруханаға түсіп жатқан адамдар оқ және пышақ жарақатын алған. Кейбір науқастардың жағдайы орташа ауыр және ауыр. Жалпы жағдай тұрақты. Таңертеңнен бері 2 адам әкелінді. Нақты қанша адам жатқанын айта алмаймын. Сыртта полицейлер күзетіп тұр», - дейді Рахымжан Арыстанов.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтөбеде белгісіз біреулер – алдын ала болжам бойынша экстремистер екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын.
Фото: Aktobe People/ vk.com.