Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қанды оқиғаны айыптай келіп, «Бұл дінді құбыжық ғып көрсету, оның дінге ешқандай қатысы жоқ»,- деген пікірін айтқан. Бұл туралы abai.kz сайты жазды.
Youtube видео желісіндегі «Хикмет Студиясы» каналында Ақтөбедегі оқиға туралы қысқа сюжет жүктелген. Онда ҚМДБ қызметкері Ершат Ағыбайұлы (1-суретте) Ақтөбедегі оқиғаны діни басқарманың айыптайтынын, оның үлкен күнә екенін айтады.
Кеше Ақтөбеде болған оқиға туралы ресми ақпарат тарап, онда «Паллада» қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық ұлан әскери бөліміне шабуыл жасалғаны хабарланып, оқиға салдарынан «Паллада» дүкенінің сатушысы қаза тапты, бір адам жараланды. Шабуылды тойтару кезінде бір офицер және бір әскери қызметкер ажал құшты, 9 әскери қызметкер жарақат алды. Ал шабуыл жасаушылардың тарапынан 1 адам тұтқындалды, үшеуінің көзі жойылды, тағы біреуі жараланды. Бірнеше қылмыскер із жасырып үлгерді. Оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр» делінген еді.
Фото:abai.kz