Қазіргі уақытта Ақтөбеде жағдай тұрақты деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Садубаевтың берген мәліметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі жарияланды. Елдің ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.Қазіргі уақытта Ақтөбеде жағдай тұрақты, кәсіпорындар және көлік құралдары әдеттегідей жұмыс істеуде",-деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.
Жексенбіде Ақтөбеде суық қаруланып алған бірнеше адам "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Қаскөйлер дүкен сатушысын өлтіріп, тағы бір адамды жарақаттаған. Бүкіл елді шулатқан оқиғаны еліміздің Ішкі істер министрлігі ресми түрде растады. Ведомствоның Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, белгісіз біреулер тағы бірнеше қару-жарақ дүкені мен Ұлттық ұланның әскери бөлімшесіне шабуыл ұйымдастырған. Ол жерде де кісі өлімі бар. Ресми дерек бойынша, онда бір офицер мен келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери азамат көз жұмды. Ведомствоның хабарлауынша, тыныш күнде оқ ашқан қаскөйлердің үшеуі өлтіріліп, біреуі жарақат алды.
Ел аумағындағы барлық әскери бөлімшелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Фото:newskaz.kz