Бұл туралы агенттікке үй иесінің қызы Талшын Бикебаева мәлім етті.
- Шамамен сағат түнгі бірдің кезінде анам төбеден тарс-тұрс оқ атқандай дауыстан шошып оянған. Кіреберіс есікке бет алғанында қызыл жалынның үйдің ішін шарпығанын және газ баллоны жарылғанын көрген. Ол жылдам үш бауырым мен мені оятып алып, далаға алып шықты. Дереу өрт сөндірушілерге хабарластық. Олар жеткенге дейін үйдің айтарлықтай бөлігі жанып кетті. Сағат алты жарымға қарай от толығымен ауыздықталды. Абырой болғанда, ешқайсымыз зардап шекпедік, - дейді ол.
Жас қыздың айтуынша, өрт болып жатқан кезде анасы қолына ілінген құжаттарды сыртқа алып шығып үлгерген. Қазіргі таңда олар отбасымен туыстарының үйін паналауда. Төтеншеліктердің болжамы бойынша тілсіз жау электр желілерінің тұйықтаулы салдарынан орын алған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: pavlodarnews.kz