«Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің төрт күні өткізілді. Тестілеудің төрт күнінде мүмкін болған 125 балды 16 бітіруші жинады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2 және 5 маусым күндері өткізілген тестілеуге 72005 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 51777, орыс тілінде – 20228 бітіруші.
Тестілеу төртінші күні 47 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Фото: www.inform.kz