Ақтөбе қаласында ҰБТ өткізетін үш орталық бар. Олар: Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті жанындағы Тест орталығы, Құбайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті мен №8 орта мектеп ғимараты. Бүгін қала мектептерінің 871 түгелі тест тапсыруы тиіс.
Айта кетейік, ҰБТ 6 маусым күні болады деп жоспарланған еді. Лаңкестікке қарсы операциялар жүргізіліп, сынақ бүгін өтіп жатыр. Түлектердің жауапты сәтін қарап, оларға ақ жол тілеуге Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келді.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл өңірде 6510 оқушы мектеп бітірді. Оның 3771-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр. Алдын-ала белгілі болғаны, ең жоғары көрсеткіш Мұғалжар ауданындағы түлектердің біріне тиесілі. Ол 124 балл жинаған.
Фото: khabar.kz