Ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр айлары аралығында порталдағы бос орындардың басым көпшілігі өндіріс және өнеркәсіп саласындағы мекемелерден келіп түсті.
Жұмыс іздеуші азаматтар көп жағдайда қызметтердің келесі түрлерін қарастырады: ақпараттық технологиялар саласы; кеңсе жұмысы; аутсорсинг, фриланс; есеп ісі мен аудит; медицина, фармацевтика (дәрігер-косметолог, медициналық статист, диетолог дәрігер, клиникалық зертхананың дәрігер-зертханашысы); мұнай, газ, энергетика; өндіріс және өнеркәсіп (прораб, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, инженер-жобалаушы).
«Өз кезегінде жұмыс берушілер болашақ қызметкерді іздеу барысында келесі маман иелерін қарастырады: жүйелік администратор, программист; геология және кен орындарын барлау бөлімінің басшысы; сату бойынша директор; инженер-дефектоскопист; салық маманы; құжат айналымын жүргізуші/кеңсе менеджері; электромеханик; ұста-жөндеуші», - деп хабарлайды ведомствода.
Портал ақпараттарына сай, жұмыс берушілердің 50%-ы бос орындарға қойылар шарттарында жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білімді талап етеді, 25%-ы орта білікті техникалық мамандарға зәру.
Сонымен бірге, порталда жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бірқатар бос орындар ұсынады. Оларға келесі мамандықтар бойынша жұмыс ұсынылады: ағылшын тілінің аудармашысы, копирайтер (үйден жұмыс істеу), студенттік және курстық жұмыс жазу авторы (үйден жұмыс істеу), эндокринолог дәрігер, бас есепші, есепші, оператор-іріктеуші (пошта қызметінде), электрші.
ДСӘДМ-де еске салып өткендей, «Еңбек» порталы – Қазақстандағы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша арнаулы интернет ресурсы. Порталда аудио-бейне байланыс арқылы онлайн әңгімелесу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде портал қорында 21 мыңнан астам бос орындар бар.Фото: inform.kz