Алматы облысының спортшылары Олимпиадаға 10 лицензия жеңіп алды

Жалпы алғанда облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуда үлкен жұмыс атқарылуда.
Бүгінгі таңда аймақ спортшылары халықаралық басты жарысқа дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық лицензиялық турнирлерге қатысып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. Спортшылар бүгінгі күнге дейін Олимпиаданың 10 лицензиясына қол жеткізді.

«Облысымыз әлемдік деңгейде лайықты өнер көрсеткен дарынды спортшылардан кенде емес. Тәуелсіздік жылдарында жетісулық спортшылар жалпы саны Олимпиалардың 10 жүлдесін жеңіп алды.Алдағы Олимпиада ойындарынан да жақсы нәтиже күтудеміз. Ауыр атлетика, бокс, грек-рим күресінен үмітіміз зор», – деді салалық ведомство басшысы.

Сонымен қатар Раушан Қойшыбаева мен Гүлбану Әбдіхалықова сынды пауэрлифтингтен облыс спортшылары 2016 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алды.

«Жалпы алғанда облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуда үлкен жұмыс атқарылуда. Арнайы клубта спорттың 16 түрі бойынша 500-ден астам спортшы шұғылданады», – деп атап өтті Т.Шәрәпиев.

Айта кетейік, аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, халық арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға жіті назар аударылып отыр.

«Мәселен, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 3294 спорттық нысан жұмыс істейді. Солардың қатарында Спорт сарайы, теннис орталығы, спорт кешендері және басқа да көптеген нысандар жұмыс істейді. Биыл жергілікті бюджеттен алыс ауылдарда қосымша спорт кешендерін салуға қаражат бөлінді. Көп кешікпей Ақсу, Талғар, Қарасай, Райымбек аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады»,– деді ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бөлімінің жетекшісі Алмат Үшкемпіров.

Фото:BNews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: