"Қытай Ақтөбедегі қарулы қақтығыста қаза тапқандардың жанұяларына, сонымен қатар жарақаттанғандарға көңіл айтты. Қытай терроризмге қарсы, сонымен қатар ол терроризммен күрес жолында және ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстанның үкіметін қолдайды. Біз терроризммен күрес және өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз", — деді ол.
5 маусым күні Ақтөбеде бірнеше адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Нәтижесінде, 6 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды. 13 қылмыскер қаза тапты.
Фото:inform.kz