Еңбекақыны төлемей отырғандардың көшін мейрамхана, кафе және құрылыс компаниялары бастап тұр. Оны Медеу ауданы прокуратурасы жалақыны өндіріп алуға байланысты сот актілеріне талдау жүргізу барысында анықтаған.
"13 жұмыс беруші ұйымдар, мекеме және жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл салынды. Яғни, жалақыны төлемегені үшін, толық көлемде төленбегені үшін сол ұйымға 13 мекемеге әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұл көлемі 2 миллион теңге. Оның 85 пайызы ерікті түрде өндірілді мемлекет пайдасына",- деді Медеу ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Шыңғыс Рсалин.
Фото:almaty.tv