Ақтоғайдан 35 шақырым жерде жоғалып кеткен ауыл тұрғынының денесі табылды

Бүгін 43 жастағы Александр Дымовтың денесі аудан орталығынан 35 шақырым жерде Ертіс өзенінен табылды.
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында 2-маусым күні жоғалған екі адамның бірі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бүгін 43 жастағы Александр Дымовтың денесі аудан орталығынан 35 шақырым жерде Ертіс өзенінен табылды. Ал, онымен бірге іс-түссіз жоғалып кеткен аудандық полиция қызметкері Жәнібек Қасымовты іздестіру жұмыстары жалғастырылуда, - деді баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетсек, 2 маусым күні 35 жастағы Жәнібек Қасенов есімді учаскелік инспектор мен 43 жастағы Александр Дымов түнгі 23.00-ден кейін Ертіс өзеніне кеткен. Кейін өзен жағасынан олардың аударылған қайығы табылған.

Абзал Қабдраш

Фото: times.kz

Следите за новостями zakon.kz в: