Атырау облыстық соты героин тасымалдаушы қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарды. Арнайы қызмет өкілдері олардан 242 грамм героин тәркілеген еді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыстық топтың серкелері Ақтаудағы түрмеде отырып-ақ, Тараз қаласынан Атырауға есірткі тасымалдауды ұйымдастырған, деп жазады 24.kz арнасы.
Кейін бостандыққа шыққан соң есірткі тасымалына еркін кіріскен топ мүшелері Атырау қаласында қолға түсті. Сот қылмыскерлердің дүние-мүлкін тәркілеп, бірнеше жылға бас бостандықтарынан айырды.
Боранбай Ғалиев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
- Атап айтқанда, Қаламғалиев Жұмажан 22 жылға, Сүлейменов Нұржан 17 жылға, Пайызханов Саттар 17 жылға және Әміржанов Асылбек 10 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: altaynews.kz