Ақтөбеде атыс кезінде жараланған лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаровқа ота жасалып жатыр

Бүгін болған қарулы қақтығыс кезінде 2 полиция қызметкері жараланып, Темір жол ауруханасында жедел көмек берілді. Екі қызметкер де ем алған соң аман-есен үйлеріне жіберілді.

Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Қазір арнайы қызмет «Отрар» сауда үйін қоршауға алды. Ал осы дүкен маңында болған атыс кезінде жараланған лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаровқа дәрігерлер ота жасап жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбе қаласындағы қарулы қақтығыс туралы жергілікті жерде ешқандай да ақпарат таратылып жатқан жоқ. Ал бүгін таңда қаланың ескі бөлігінде орналасқан Некрасов көшесі қоршауға алынды. Сенімді ақпарат көзіне сүйенсек, дәл осы жердегі атыс кезінде лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаров жараланды. Қазіргі күні облыстық жедел жәрдем ауруханасында ота жасалып жатыр. Кеуде тұсы мен аяғына бірнеше жерден оқ тиген. Ол сағат 8:30-да ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бүгін болған қарулы қақтығыс кезінде 2 полиция қызметкері жараланып, Темір жол ауруханасында жедел көмек берілді. Екі қызметкер де ем алған соң аман-есен үйлеріне жіберілді.

Бүгін облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдаған 5 науқас үйлеріне шығарылады. Олардың арасында әскери қызметкерлер мен құқық қорғаушылар бар. Ал кеуде тұсы жараланып, отадан соң жан сақтау бөлімінде жатқан әскери қызметкер Сырым Сүндетов бүгін Астана қаласына жіберіледі. Дәрігерлер қазір санавация қызметін күтіп отыр. Оның жағдайы бірқалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, жараланғандардың барлығы облыстық жедел жәрдем ауруханасына әкелінеді. Себебі, қазір осы аурухана қатаң күзетке алынған.

Фото: Bnews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: