Алдын ала нәтижелерге сәйкес ҰБТ-дің сегізінші ағымында түлектердің ешқайсысы жоғары балл жинай алмады, деп мәлімдейді ҚР Білім және ғылым министрлігі. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«50 балдық шектік деңгейден 12 түлек (4,7%) өте алмады. 125 балды ешкім жинаған жоқ. 100 балдан астамды 59-ы (23%) жинады», - делінген ведомство хабарламасында.
БҒМ мәліметінше, ҰБТ сегізінші ағымына 281 өтінім берген түлектің 255-і (72,6%) қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 204, орыс тілінде – 51 бітіруші. Орташа балл 88,5 құрады.
«ҰБТ 1 пунктте өткізілді, жалпы ұйымдасқан түрде өтті. 184 тыйым салынған зат тәркіленді», - деп мәлімдеді ведомствода.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда ҰБТ-2016 2-нен бастап 10 маусымға дейін өтуде.
Фото: surak.szh.kz