Елімізде айыппұл төлеу жүйесі автоматтандырылады. Осындай қызмет көрсететін арнайы терминалдар 2018 жылдан бастап орнатылады. Бұл жөнінде халық алдында есеп берген Әділет министрі Берік Имашев айтты. Қазірдің өзінде салаға қатысты техникалық жаңашылдықтар көп, деп жазады 24.kz арнасы.
Мәселен, өткен жылы азаматтарға көрсетілген 11 млн қызметтің 83%-ы электронды форматта жүргізілген. Келешекте де осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып, халыққа қолайлы болатындай ыңғайлы жүйелер енгізіле бермек.
Берік Имашев, ҚР Әділет министрі:
- Қазіргі таңда бұл бастаманың техникалық жағы қарастырылуда. Біз 2017 жылы осындай терминалдар алу жөнінде өтініш бердік. Егер ол мақұлданса, 2018 жылдан бастап жобаны іске қосамыз.
Фото: 24.kz