Қазақстандықтарға жылуға қайта есептеуден кейін 2,5 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап.
"Жылу энергиясын тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жылу энергиясының тұтынылуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жылыту маусымының қорытындысы бойынша жыл сайын сыртқы ауа температурасының өзгерілуіне байланысты жылу төлемақысына қайта есептеу жүргізеді.Қайта есептеу бойынша 2015-2016 жылдардағы жылыту кезеңі үшін халыққа қайтарылатын қаражат 2 505 775 млрд теңгені құрады",-делінген хабарламада.
"Қайта есептеудің негізіне 1 шаршы метр жылытуға қажетті жылу энергиясы көлемінің сыртқы ауа температурасына тәуелділігі алынды. Температура неғұрлым жылы және (жылу ағынының есептеріне салынғаннан) аса ауытқуы болса, соғұрлым қайта есептеу сомалары жоғары",-деп түсіндірді комитеттен.
Сонымен биылғы жылыту маусымында (2015-2016 жылдары) сияқты "жылы" қыс жағдайында тұтынушыларға ақша қайтарылады, өйткені жылу шығысы болжанғаннан (есептелгеннен) едәуір төмен болды.Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеу 2016-2017 жж. жылыту кезеңінен бастап жүзеге асырылады.
"Барлық тұтынушылардың есепке алу аспаптарын қолдануға көшуіне қарай ақы төлеу жылу энергиясының нақты көлеміне ғана жүргізіледі",-деп қорытындылады ведомстводан.
Фото: mgorod.kz