Ағымдағы маркетингтік жылы экспортқа шамамен 7,5 млн тонна астық жөнелтіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдері департаменті директорының орынбасары Ләззат Құпанова ведомстводағы баспасөз конференциясында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.
«Экспорттық әлеует өткен жылдардың деңгейінде болады деп күтілуде. Астық эквивалентіндегі ұнды қоса алғанда астық экспорты шамамен 7-7,5 млн тоннаны құрайды», - деді Л.Құпанова.
Фото:pavlodarnews.kz