ОҚО-да мылтықпен полиция қызметкерін жаралаған барымташы ұсталды

Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты және полицейге шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты және полицейге шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, өңірлік ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

2016 жылы 31 мамырда ОҚО Төлеби ауданында жедел-іздестіру шарасы барысында, Ленгір-Жаңакүш тас жолына жақын маңдағы орманда мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстауда белгісіз азамат қараңғы тұстан полицейге қарай оқ жаудырып, белгісіз бағытқа жасырынған.

Нәтижесінде, Төлеби АІІБ жедел уәкілі, полиция майоры 1983 ж.т. Спандияр Темірбеков аяқ тұсынан жарақат алып, аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Оң жақ жамбасынан бірнеше оқ жарақатын алған полицейге дәрігерлер ота жасады.

Аталған жайт аудандық бөлімнің СДТТБТ тіркеліп ҚР ҚК 380-бабымен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» қылмыстық іс қозғалды.

Апта өткен соң, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1968 ж.т. шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет мал ұрлығы бойынша сотты болған азаматты құрықтады. Кінәсін толық мойындады.

Күдіктінің үйін тінту кезінде айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығын тәркіледі.

Аталған жайт бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 188 "Ұрлық" және ҚР ҚК 380 бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану". Күдікті УҰИ тоғытылды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қылмысқа қатысты сыбайласын анықтау үшін қосымша шаралар атқаруда.

Фото: www.livekuban.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Контрабандисты через туннель на границе переправляли из Казахстана в Узбекистан топливо