Қарулы қақтығыс ұйымдастырған террористердiң жетеуi бұрын сотталған. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Жалпы, терактiге 45 адам дайындалған, оның 20-сы кейiн бас тартады. Ал 25 адам ойлаған iстерiн жүзеге асыруға бекінген.
«25 адамның бәрiн тексерiп жатырмыз. Оның iшiнде 7 адам бұрын сотталған. Қалғанын тексеремiз. Тергеу кезiнде бәрi анықталады. Сосын нәтижесiн айтамыз», - дедi министр.
Айта кетсек, 12 маусым күні Ақтөбеде соңғы террорист ұсталды. Жалпы, құқық қорғау органдары антитеррорлық операция барысында 9 күдiктiнi ұстап, 18 лаңкестiң көзiн жойды. Қазiргi уақытта Ақтөбеде жағдай тұрақты, облыста «қызыл» режимнiң орнына «сары» орнады.
Фото: kstnews.kz