Павлодарда үрлемелі қайықпен Ертіс өзеніне шыққан төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Марал Сағынаева хабарлады.
- Қаладағы Лермонтов жағажайынан Ертіс өзені арқылы серуендеге шыққан төрт бала судың арғы бетіне өтіп кеткен. Алайда, жеткіншектер кері қайтып келетін кезде қиындықтарға тап болған. Абырой болғанда, Ертістің арғы бетінде жүрген балаларды дер кезінде байқаған құтқарушылар оларды бергі жағалауға жеткізді, - деді Марал Сағынаева.
Абзал Қабдраш
Фото: ru.wikipedia.org