Қазақстан бюджеті осы күзде тағы да нақтыланады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысында сәйкес тапсырма берді.

Республикалық бюджет ағымдағы жылдың күзінде тағы да нақтыланады. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысында сәйкес тапсырма берді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігіне ресурстарды тиімді қайта бөліп, оларды экономика дамуына жұмсау үшін биыл күзде бюджетті нақтылауға дайындалуды тапсырамын», - деді К.Мәсімов.

«Қарауыңызды өтінемін: біз мектептер мен әлеуметтік сипаттағы нысандардың құрылысын тоқтаттық.Оны жаңарту қажет. Ұсыныстар енгізу үшін мұны сәйкес министрліктермен және облыс әкімдіктерімен бірге пысықтау қажет. Бұл жұмысқа өзіңіз жауап бересіз, бұл жұмысты келесі жылдарға бюджетті қалыптастырумен бірге жаңалау қажет», - деді ол отырыс барысында вице-премьер Дариға Назарбаеваға қарата сөйлеген сөзінде.

Фото: www.express-k.kz

Следите за новостями zakon.kz в: