Металлургиядағы қазақстандық брендтерді дамыту аясында әлемдік сегменттегі қазақстандық титанның үлесін 11%-дан 14%-ға дейін арттыру жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін VII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі барысында Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз қазақстандық титанның әлемдік сегменттегі үлесін қазіргі 11%-дан 14%-ға арттырмақпыз», - деді Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, ТМК реформаларды жүзеге асыруда әлемге әйгілі трансұлттық компанияларды салаға тарту жоспарланған.
«Қазақстанда бүгінде Арселор, Полиметалл және басқа да компаниялар жұмыс жасайды. Осы жұмысты күшейтуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-премьер.
Б.Сағынтаев айтып өткендей, сонымен бірге CRIRSCO пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйсін енгізу үдерісін бастау жоспарланған.
«Тау-кен саласында біз «Бірінші келген - бірінші алады» принципі кеңінен қолданылатын Батыс Аустралия үлгісі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың жеңілдікті әдісіне көшеміз», - деп түсіндірді ол.
Вице-премьердің мәліметінше, тау-кен металлургия саласында бірінші бесжылдық аясында 2,5 млрд долл сомаға 60 жаңа өндірісті пайдалануға берілген, 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.
Фото:metall77.ru