К.Мәсімов Ақтөбедегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасуда.

Ақтөбеде Кәрім Мәсімов Батыс-2 шағын ауданында болып, 200-пәтерлі тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның құрылысы барысымен танысты. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Балабақша МЖӘ тетігі аясында салынып жатқанын айта кеткен жөн. Мектепке дейінгі мекеме жаңа ойын құрылыстарымен және заманауи балалар жабдықтарымен жабдықталады. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге.

Өңір басшылары К.Мәсімовке тұрғын үй бағдарламасы мен МЖӘ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес Мемлекет басшысының бастамасымен ағымдағы жылы өңірдегі тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан 19,2 млрд теңге бөлінген.

Ақтөбе қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралау барысында Премьер-Министр «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырумен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметімен танысты.

Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов жедел медициналық жәрдем ауруханасында болып, 2016 жылғы 5 маусымда лаңкестік акт кезінде зардап шеккендермен кездесті. Осында Премьер-Министр лаңкестердің шабуылдауы нәтижесінде жараланғандарды құтқаруға қатысқан медициналық қызметкерлерге алғыс хаттарды табыстады.

Фото: ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в: