СҚО әуежай терминалын жөндеу басталады

Өңір басшысы қайта салу жұмыстарын жедел түрде бастауды тапсырды. Күн сайын штаб кездесуін, егже-тегжейлі талқылауды, сонымен қатар қондырғыларды алу жұмыстарын көпке созбауды да ескертті.

Келесі аптада Петропавл әуежайында жолаушылар терминалын жөндеу жұмыстары жүргізіле бастайды. Бүгін СҚО әкімі Ерік Сұлтанов жобаның мердігері атанған «ЭнергоТехноСервис» серіктестігімен көшпелі отырыс өткізді. Бұл туралы zakon.kz, СҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды

Компанияның бас директорының орынбасары Асхат Мәкішов аталған жұмыстар дүйсенбі күні басталатынын айтты.

«Бұл жоба терминалды толығымен қайта салу, қайта жоспарлау жұмыстарын қамтиды. Сыртқы көрінісі де өзгеріп, жаңа құрылғылар әкелінетін болады. Ғимарат ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобаны алматылық компания жүргізеді», -деді Асхат Серікұлы.

Өңір басшысы қайта салу жұмыстарын жедел түрде бастауды тапсырды. Күн сайын штаб кездесуін, егже-тегжейлі талқылауды, сонымен қатар қондырғыларды алу жұмыстарын көпке созбауды да ескертті.

«Әйнек, шатыр, сыртқы және инженерлік жұмыстарды, бөлмелердің жабдықталуының негізгі жұмыстарын қадағалаңдар. Барлығын 2 ай мерзімінде аяқтау керек. Одан соң қалған жұмыстар жүргізілсін. Сыртқы жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін тәмамдау керек», - деп ескертті Ерік Хамзаұлы.

Өндіріс ғимараттарының құрастыру-құрылыс жұмыстары жалпы сомасы 1,134 млрд теңгені құрайтын конкурсты ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация қызметі жариялаған болатын. Конкурсты «ЭнергоТехноСервис» ЖШС жеңіп алды.

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Северо-Казахстанская область Семей
Следите за новостями zakon.kz в: