«Айбын» жиынына қатысушылар әскери-далалық ойындарда жоғары даярлық деңгейін көрсетті

Zakon.kz
Қиындықтармен және кедергілермен бетпе-бет кездескен олардың әрқайсысы әскери қызметші болудың оңай еместігін, ол үшін рухы мықты, шымыр және моральдық тұрғыда дайын болу керектігін түсінді.

Дабыл бойынша көтерілу, сапқа тұру, жорыққа шығу және арнайы операциялар – әскери қызметшілерге тән оқу-жаттығуылардың бір бөлігі емес, нағыз жауынгерлік міндеттер. Бұл тапсырмалар бүгін әскери-далалық тактикалық ойындар аясында «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушыларға – оқушылар мен студенттерге берілді, деп жазады ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Бәрі де таңғы 6-да басталды. «Спасск» оқу-жаттығу орталығының шатырлы лагерінде дабыл қағылды. Өздерін болашақ әскери қызметшілер қатарынан көргісі келетін 800-ден аса қыз-жігіт лагердің аумағында сапқа тұрды. Жас жауынгерлер қару-жарақтарды жинау, көшірілетін аумаққа жылжу және шартты қарсыласты жою сияқты осындай тапсырмалар алды. Әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, Әскери-мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері мен жоғары оқу орындар әскери кафедраларының студенттері, яғни әр бөлімше өз бағыттары бойынша жұмыс жасады. Дегенмен жастардың жолында кедергілер аз болған жоқ. Атап айтқанда, миналанған дала, зақымданған учаскелер мен кедергі жолақтары. Осындай күштік тапсырмалардан өзге маңызды психологиялық міндеттер де болды. Мың құбылатын жауынгерлік іс-қимылдың қарқыны мен сипатын жылдам бағдарлап, салмақты шешім қабылдау және өз-өзіңді ұстап үйрену де маңызды.

«Тапсырма оңай емес, дегенмен әскери ұжымның жинақылығының, білімінің және әр жауынгердің жалпы міндетті түсінуі мен жеке айла-тәсілінің, сондай-ақ жақсы даярлық нәтижесінде бәрін орындауға болады», - дейді жастарды бақылап жүрген әскери қызметшілер мен басшылар. Шындығында солай, жастардың абыржымай, тапсырмаға кіріскені басшылардың жүргізген даярлығының нәтижесі екені мәлім. «Шынымды айтсам, бұл ойында ең қиыны әскери жабдықты арқаға асып, бірнеше километрге жүгіру болды. Содан кейін қорғану үшін газтұмылдырық кию де оңайға соқпады. Біз заттарымызды түсірсек те, жүгіруді жалғастырып, тапсырманы орындадық. Жиын барысында біз әскери қызметшінің қандай болуы қажеттігін және қаншалықты күрделі екендігін түсіндік», - деді Орал қаласы әскери-патриоттық клубының мүшесі Бибігүл Өтепбергенова. «Тактикалық ойын жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылардың жауынгерлік рухы мықты. Бәріміз үшін жиын қызықты өтті, себебі кедергілердің барлығын команда құрамында игердік. Сынақтардың қорытындысы бойынша бірінші орынды жасұландық құрама команда иеленсе, екінші орынды – жоғары оқу орындары, ал үшініші орынды – мектептер алды. Әрине, күрделі жағдай туындады. Әскери тұрғыда кадеттіктер жоғары деңгейде. Барлық кедергілер мен қиыншылықтарды оңай жеңіп шықты, ал ең қиын соққаны мектеп оқушылары еді. Оларға тәжірибе жетіспеді, себебі биыл жиынға бірінші рет қатысуда», - деп әскери-далалық тактикалық ойындар басшысы подолковник Жеңіс Маралов атап өтті.

Осындай практикалық сабақтар жастарға өздерінің күшін, шынайы мүмкіндіктері мен әлсіз тұстарын сынап көруге мүмкіндік береді. Қиындықтармен және кедергілермен бетпе-бет кездескен олардың әрқайсысы әскери қызметші болудың оңай еместігін, ол үшін рухы мықты, шымыр және моральдық тұрғыда дайын болу керектігін түсінді. Дегенмен қатысушылар Қарулы Күштердің қатарына қосылуға ниеттері барлығын жасырмады және кәсіби әскерилермен бір сап бойында тұрып, шыңдалатындарына сенімді.

Фото: www.mod.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Контрабандисты через туннель на границе переправляли из Казахстана в Узбекистан топливо