Шымкенттің іргесіндегі Сайрам аудандағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында сөз алған шаруалар осылай дейді. Халқы тығыз орналасқан ауданда жер көлемі өте аз. Соған қарамастан, жұрт жыл он екі ай егінмен айналысады, деп жазады 24.kz арнасы.
Шаруашылықпен қатар шағын және орта бизнес те жақсы дамыған. 210 мыңнан астам халқы бар ауданның демографиялық өсімі жоғары. Сондықтан мұнда жер мәселесі бірінші кезекте тұрады. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында еліміздегі Жер кодексіне енгізілген өзгерістер көпшілікке жан-жақты түсіндірілді. Жұрт ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Бос жатқан жерлерді тиімді пайдаланып, инвестиция тарту мәселелері сөз болды. Ауданда тұрғын үй салу үшін алынған 103 гектар мен кәсіпкерлік санаттағы 30 гектар жер бос жатыр. Ал ауылшаруашылық мақсатында алынған 763 гектар алқап тиімсіз пайдаланылған.
Аманкелді Қабылбеков, Сайрам ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Тиімді жақтарын өздері қарастыруы керек. Егер жер жеткіліксіз болып жатса, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстарына бару да ұсыныс-пікірлердің ішінде бар.
Фото: egemen.kz