Бірінші сыныпқа баратын балалар мектепте ешқандай тесттен өтпеуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ брифингінде. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Менің баршаға айтарым, бірінші сыныпқа түсетін бала тест тапсырмауы керек. Бұл ешқандай ережеде де, нормативте де жоқ. «Білім беру туралы» Заңында 6-7 жасқа келген балаларды ата-ана бірінші сыныпқа бере алатындығы көрсетілген. Барша білім беру ұйымдары мен облыстық білім беру басқармаларына айтатыным бірінші сыныпқа арналған тест жоқ», - деді Ж.Жонтаева.
Фото: ortcom.kz