Қарағандыда 87 жастағы ардагерге қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірім сотталды

Сот ақпаратына сәйкес, жасөспірім қылмысты 2016 жылғы ақпанда жасаған. Ол балкон арқылы таныс зейнеткердің үйіне кірген.

Қарағандыда 87 жастағы ардагерге қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірім 5 жылға шартты мерзімге сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Кәмелеттік жасқа толмаған П. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі, 3, 4-тт. (қарақшылық) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты болып табылады, жазасын өтеушіге 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді», - делінген хабарламада.

Сот ақпаратына сәйкес, жасөспірім қылмысты 2016 жылғы ақпанда жасаған. Ол балкон арқылы таныс зейнеткердің үйіне кірген. Ер адам бұл кезде ұйықтап жатқан. Алайда бөгде дыбыстан оянып кетеді. Айғайлап, көмекке шақыра бастайды. Зәресі ұшқан жасөспірім қарттың бетінен, басынан ұрып жіберіп, 70 мың теңгелік барсетканы алып балконнан секіріп кетеді. Шабуылдаушыны көршілері ұстап, полицияға жеткізді.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в: