ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев допинг қолданды деп айыпталған екі дүркін олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильинге қолдау көрсету керектігін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ауыр атлет Илья Ильинге қатысты қандай шешім қабылданса да, ол Қазақстанның ұлтжанды азаматы әрі спортшысы ретінде біздің қолдауымызға әбден лайық», - дейді Қ.Тоқаев.
Айта кетейік, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық 4 ауыр атлет – Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Майя Манезаның допинг сынамасы оң нәтиже бергенін ресми түрде мәлімдеген болатын.
Осыған байланысты, Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық ауыр атлеттерді жарыстардан уақытша шеттетті.
Фото: www.kazpravda.kz